23.07.2018, 11:45 730 Айдос Сұлтанғали Түркияда топ жарды

Түркияның Ыстамбұл қаласында грек-рим күресінен Вехби Эмре атындағы халықаралық турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР Күрес түрлері федерациясына сілтеме жасап.

Жыл сайын өтетін дәстүрлі жарыс биыл Түркия жерінде 36 рет ұйымдастырылды. Оған әлемнің 25 елінен балуандар келіп қатысты.

Қазақстандық балуандардың еншісіне 1 алтын, 4 қола медаль бұйырды. 60 келі салмақта ел намысын қорғаған Айдос Сұлтанғали финалдық бәсекеде молдовалық Виктор Киобануды жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. Ал, 55 келідегі Хорлан Жақанша мен Жансерік Сәрсенбиев және Ибрагим Магомедов (72 келі) пен Тамерлан Шадукаев (77 келі) қола жүлдеге қол жеткізді. 10 салмақ дәрежесі бойынша өткен жарыстың төртеуінде түрік балуандары топ жарса, Беларусь балуандарына 2 алтын медаль бұйырды. Әзірбайжан, Қазақстан, Грузия және Украина балуандарында бір алтын медальдан.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал