21.03.2018, 2:19 775 Чернецкий «Вуэльта Каталонияда» 15-ші болып келді

175,6 км қашықтықты құрайтын «Вуэльта Каталония» көпкүндігінің екінші кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Айтылған жарыста бірінші болып мәре сызығын испаниялық Алехандро Вальверде кесті (Movistar).  Ал, Дэрила Импи (Mitchelton-Scott) екінші болып келсе, аустралиялық Джей Макарти (Bora-Hansgrohe) үздік үштікті қорытындылады.

«Астана» велоклубы сапындағы ең үздік нәтижені Сергей Чернецкий көрсетті. Ол жарысты 15-ші болып аяқтады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал