15.03.2018, 19:20 1002 Дәукенов «Extra Round7» бокс шоуының басты кездесуіне қатысады

18-ші сәуір күні Екатеринбургте өтетін «Extra Round7» бокс шоуының басты кездесуінде қазақстандық Дәулет Дәукенов өнер көрсетеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Дәулет Дәукенов пен оның қарсыласы украиналық Владислав Барановтың жекпе-жегі жартылай орта салмақ дәрежесінде (63,5 кг дейін) өтеді. Ұрыс 6 раундқа жоспарланған.

Бокс кеші Астана уақытымен 18:00-де басталады. Айтылған шоуды «Бокс ТВ» телеарнасы тікелей эфирде таратады.

  •     Дәукенов - RCC Boxing Promotions компаниясының боксшысы.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал