26.02.2018, 15:24 1053 «Доусқа жаңа келісімшарт ұсындық, бірақ ол оған қанағаттанбады» - «Барыстың» бас менеджері

«Барыстың» бас менеджері Ержан Алдабергенов команданың шабуылшысы Найджел Доустың агенті Шуми Бабаевтың мәлімдемесі жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі allhockey порталына сілтеме жасап.

«Осыдан 3 апта бұрын клуб Доусты командада сақтап қалғысы келетіндігін ашық білдірді. Үш маусым бұрынғыдай келісімшарт ұсындық.  Алайда, Бабаев Найджелдың бұл ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартып отырғанын айтты.  Енді ойыншының ресми өкілі жаңа келісімшарт берілген жоқ деп отыр. Біз мұны түсіне алмадық. Бүгін Шумидың мәлімдемесін оқып, бірден оған хабарластым. Жалған ақпарат таратқандығына наразы екенімді білдірдім. Менің ойымша, бұл хоккейші мен оның агентінің тиімді ұсынысқа қол жеткізу үшін жасалған әрекеттері», - дейді команда функционері.

Алдабергенов жұлдызды хоккейшіге команда сапында әрдайым орын табылатындығын да айтты.

«Доусты біз өз қатарымыздан көргіміз келеді. Ұсынып отырған келісімшартымыз өз күшін жойған жоқ», - деп сөзін қорытындылады клубтың менеджері.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал