14.11.2018, 12:05 1216 GGG бара алатын жалғыз қадам - Америкалық сарапшы

World Boxing News редакторы, Америка боксы туралы жазатын журналистер қауымдастығының мүшесі Фил Джей Sports.kz сайтына Геннадий Головкиннің DAZN-мен келісімшартқа қол қою болашағына қатысты не ойлайтынын айтты.

«Головкин WBO титулына Андрадемен айқас үшін DAZN-мен келісімшартқа қол қойып, кейін «Канеломен» қыркүйекте бірлескен жекпе-жек өткізеді деп ойлаймын. Бұл қазір GGG бара алатын жалғыз қадам деп есептеймін. Егер ол «Канеломен» кездескісі келсе немесе мансабын табысты мәмілемен аяқтағысы келсе, DAZN-мен келісім жасауы тиіс.

Головкинге қазір кәсіби мансабын аяқтаудың еш мәні жоқ. «Канеломен» айқасып, көп ақшаға кенелетіні анық», - деді маман. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал