21.06.2018, 12:00 777 Головкин «Канеломен» қарымта жекпе-жекке дайындықты бастайды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) жақын күндері мексикалық спортшы Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы қарымта жекпе-жекке дайындықты бастайды.

«Біз дайындықты келесі айдың басынан бастаймыз. Геннадий оған бар күшін салын дайындалатын болады», - деді Санчес.

«Канело» - GGG екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің промоутерлері алғашында айқастың болмайтынын растаған еді. Алайда, кейін қайта келісім жүргізіліп, бәріне тиімді шешім қабылданды. Головкин мен «Канелоның» екінші кездесуінің өтетіні ресми түрде жария етілді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал