10.07.2018, 15:07 1391 IWF атқару комитетінің отырысы өтті

4-6 шілде аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты қарсаңында Халықаралық ауыр атлетика федерациясы(бұдан әрі - IWF), Атқарушы комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Атқарушы комитет өзекті тақырыптарды қозғады және талқылады, оның ішінде жаңа салмақ дәрежелері, допингке қарсы саясат, IWF салалық комитеттері басшыларының есебі және өзге де мәселелер сөз болды.

Қазақстандық федерация үшін негізгі мәселелердің бірі ҚР ААФ жарыстардан шеттетулерден мерзімінен бұрын шығу үшін талаптар өлшемдерін орындау және 6-13 қазанда Аргентинада өтетін жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына Қазақстан Республикасы жасөспірімдер құрамасын қатыстыру болды.

ҚР ААФ 2017 жылдың қазан айындағы таза жаттығу процестерін қамтамасыз ету, допинг бақылаушыларын еш кедергісіз қабылдау, семинарлар ұйымдастыруға, сондай-ақ допингпен күрес үшін жарна төлеуге қатысты IWF қойған барлық талаптарды орындады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал