10.08.2018, 11:26 1097 «Қазақ батыры»: грэпплинг шеберлері өзара үздіктерді анықтайды

Қазақ күресіндегі «Қазақстан барысы» сияқты грэпплинг шеберлері де өз үздіктерін анықтамақ, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

«Қазақ батыры» деп аталатын чемпионат тамыз айының 18-і мен 19-ында Астанада өтеді. Шешуші финалдық сынға мықтылардың-мықтылары ғана қатыса алады. Осыған орай қазір еліміздің түкпір-түкпірінде іріктеу сындары өтіп жатыр. Бүгінге дейін оңтүстік және батыс өңірлер өз үміткерлерін анықтап қойса, солтүстіктің батырлары алдағы демалыста белгілі болмақ. Павлодар қаласында Павлодар, Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазастан облыстарының спортшылары келіп, өзара сынға түседі. Іріктеуден сүрінбегендер тура бір аптан кейін Астанада ел үздіктерімен боз кілемге шығады.

Айта кету керек, «Қазақ батыры» деген чемпионат елімізде алғаш рет өткізілгелі тұр және отандық грэпплингтің дамуына керемет серпін беретін шоу болады дейді мамандар.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал