25.07.2018, 16:18 8603 Қазақстан чемпионаты: Виноградова Шыназбековаға осы маусымда екінші рет есе жіберді

Елімізде тосқауылдар арқылы жүгіруден ерлерден екі, әйелдерден екі фаворит бар. Қазақстан чемпионатында Әйгерім Шыназбекова мен Давид Ефремов жеңіске жетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

 

Осының алдында Ғұсман Қосанов Мемориалында әйелдер арасындағы 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден Әйгерім Шыназбекова топ жарған болатын. Ол кезде де Әйгерім үш бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан тәжірибелі қарсыласы Анастасия Виноградованы қапы қалдырып кеткен болатын. Бұл жолы да Шыназбекованың бағы жанды.

 

24 шілде. Алматы. Қазақстан чемпионаты. 100 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру.

Әйелдер:

 

1.Әйгерім Шыназбекова (Алматы) – 13.54 сек.

 

2.Анастасия Виноградова (Алматы) – 13.72 сек.

 

3.Роксана Оспанова (Павлодар обл.) – 14.28 сек.

 

Ерлерден негізгі бәсекелестік Қарағандыдан келген қос атлет Давид Ефремов пен Вячеслав Земс арасында өрбіді. Мәреге жақындаған тұста қарқын алған 2018 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері Ефремов жылдамдығын арттырды. Сөйтіп, 14.01 секундпен жеңіске жетті. Екінші орындағы Земстің уақыт көрсеткіші – 14.38 сек.

 

24 шілде. Алматы. Қазақстан чемпионаты. 110 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру.

Ерлер:

 

1.Давид Ефремов (Қарағанды обл.) – 14.01 сек.

 

2.Вячеслав Земс (Қарағанды обл.) – 14.38 сек.

 

3.Евгений Прокудин (Қарағанды обл.) – 14.54 сек.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал