13.08.2018, 10:25 670 Қазақстандық боксшы Головкиннің салмағында алғашқы жекпе-жегін өткізбек

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (3-0, 3 КО) 7 қыркүйек күні Канаданың Эдмонтон қаласында жекпе-жек өткізеді.

Онда жерлесіміз аргентиналық Бруно Леонардо Ромаймен (21-5, 18 КО) бокстаспақ. BoxRec.com таратқан ақпаратқа сенсек, бұл жолы Ахмедов алғаш рет орта салмақ санатында өзін байқайды. Бұрынғы жекпе-жектерін Садриддин бірінші орта салмақта өткізген болатын.

Бұрын Ахмедов тағы бір қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыровпен (7-0, 6 КО) бірге 13 қазанда Монреальда жекпе-жек өткізетіні хабарланған болатын. Бірақ Монреальда оларға кімдер қарсылас болатыны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Ромайға қазақстандық боксшылардың пәрмені белгілі. 2017 жылдың қыркүйегінде ол Жанқош Тұраровпен кездескен еді. Төрешілер бірауыздан жеңісті Жанқошқа берген соң, Ромай рингтен кетіп қалған еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал