27.02.2018, 14:23 1014 «Қазақстандық Месси» 10-шы нөмірмен ойнайтын болады

Жақында ғана «Уфа» командасының сапына ауысқан қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахметтың жейдесінде көрсетілетін нөмірі белгілі болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Жамбыл футболының түлегі «Уфа» командасының қаралымында болып, ұзақ мерзімді келісімшартқа қол жеткізгенін бұрын хабарлаған едік. Енді жас ойыншы жейдесінде белгіленетін нөмірін де таңдап үлгеріпті. Қазақстандық футболшы Ресей клубы сапында 10-шы нөмірмен өнер көрсететін болады.

Еркебұлан Ресей клубы сапында бірнеше жаттығу жиынына қатысты. Күні бүгінге дейін ол төрт жолдастық кездесуде төбе көрсетті.  Тіпті, Кипрдың  «Алки» ұжымына қарсы өткен ойында Сейдахмет гол соқты.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық тинэйджер наурыз айының 4-ші жұлдызында «Динамо Мәскеуге» қарсы жаңа командасы қатарындағы алғашқы ойынын өткізуі мүмкін.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал