09.07.2018, 13:48 1476 Маусым айының үздік ойыншысы мен бас бапкері таңдалды

Маусым айының қорытындысы бойынша Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысы мен жаттықтырушысы таңдалды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасына сілтеме жасап.
 
Сауалнама Премьер-лига командаларының бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді.
 
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
 
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
 
Сауалнама нәтижелері келесідей:
 
«Ақтөбе» шабуылшысы Маркос Пиззелли 29 ұпай жинап, Премьер-лиганың маусым айының үздік ойыншысы атанды. Өткен айдың үздік бапкері атағын төрт маман бөлісті. Олар үш ұпайдан жинаған Владимир Муханов («Ақтөбе»), Роман Григорчук («Астана»), Дмитрий Огай («Жетісу») және Владимир Никитенко («Тобыл»).
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал