25.04.2018, 9:22 922 «Ордабасы» - «Қайрат» және басқа да ҚР Кубогы 1/4 финалының жұптары

Қазақстан кубогы 1/4 финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚКФЛ сайтына сілтеме жасап.

Жеребе тарту рәсімінің құрметті қонағы, алматылық «Қайраттың» аты аңызға айналған шабуылшысы Евстафий Пехлеваниди Қазақстан Кубогының ширек финалында кездесетін командаларды анықтады:

«Ордабасы» - «Қайрат»
«Мақтаарал» - «Ертіс»
«Атырау» - «Тобыл»
«Шахтер» - «Қайсар»
 
Ширек финал ойындары бір матчтан тұрады. Ойындар 2018 жылдың 23 мамырында алғашқы командалардың алаңында өтеді.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал