16.03.2018, 22:58 864 Польшадан 4 «алтын» медаль арқалап қайтты. Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмеді

Польшаның Варшава қаласында бокстан халықаралық «Феликс Штамм-2018» турнирі аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК сілтеме жасап.

Жеті бірдей боксшымыз жүлделі орынға ілінді. Төртеуі чемпион атанды. Олар: Ільяс Сүлейменов (56 келі), Бекдәулет Ибрагимов (64 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі) және Антон Пинчук (91 келі).

Қазақстан құрамасының капитаны Әділбек Ниязымбетов (81 келі) пен Абай Төлеш (75 келі) күміс жүлдегер атанса, Айболды Дәуренұлы (+91 келі) қола медальді қанағат тұтты.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал