23.05.2018, 18:48 834 «Таразға» қойылған санкция алынды

Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының Сертификация комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Жиында Тараз қаласының Орталық стадионнан «Матчтарды жанкүйерсіз өткізу» санкциясын алып тастау жөнінде шешім қабылданды.

Бірінші лига командалары арасында ҚР Біріншілігін қабылдайтын Тараз қаласының Орталық стадионы тәуелсіз сарапшы ұйымынан стадионды пайдалануға болатыны жөнінде Техникалық қорытынды туралы құжат ұсынып, техникалық тексеру процесінен сәтті өтті. Бұл арқылы спорттық ғимараттың әкімшілігі Сертификация ережесінің VI қосымшасының 2-бабының h тармағын орындады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал