02.04.2018, 11:16 755 Зарина Дияс әлемдік рейтингте 48-орынға көтерілді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс бүгін жаңартылған әлемдік рейтингте 48-орынға көтерілді.

Сенбі күні аяқталған Майами турнирінің төртінші айналымына дейін жеткен Зарина бұдан бұрын 56-ыншы сатыда тұрған еді. Сөйтіп ол рейтингтегі үздік көрсеткішіне (31) біртіндеп жақындап келеді.

Сонымен қатар Майами жарысындағы сәтті өнерінен кейін З.Дияс өзінің спорттық жолында тапқан табысын 2 млн АҚШ долларынан асырды.
Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева 75-тен 79-ыншы сатыға сырғыды.

Еске сала кетейік, З.Дияс бүгін басталатын Чарльстон турнирінің алғашқы айналымында әлемнің 86-ыншы ракеткасы, америкалық Кристина Макхейлмен шеберлік байқасады. Егер оны жеңсе, дүниежүзілік рейтингте 12-інші орында тұрған ресейлік Дарья Касаткинамен кездеседі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал