06.03.2018, 14:02 1405 Индиан-Уэллстегі турнирде Зарина Дияс Серена Уильямспен кездеседі

Американың Индиан-Уэллс қаласында өтетін  Premier сериясының бірінші айналымында Зарина Дияс әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Серена Уильямспен кезедеседі, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.  

«Үлкен дулыға» турнирінің 23 дүркін чемпионы американдық Серена Уильямс отандасымыз Зарина Дияспен кездесетін болды.

Айтылған турнирдің 1/64 финалында Уильямс пен Диястың матчы 8 наурыз күні түнгі 1:00-де өтеді.

Бұған дейін қос теннисші екі рет кездескен. Екі ойында да американдық спортшы жеңіске жетті.

Еске сала кетейік, Уильямс өткен жылы  сәбилі болғаннан кейін теннистен қол үзіп, үлкен жарысқа енді қосылды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал