30.05.2018, 20:58 700 Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына өтті

Қазақстандық теннисші Францияда өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің 1/16 финалына шықты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыстың екінші айналымында Путинцева америкалық Дженнифер Брэдиден айласын асырды - 6:4, 6:3.

Енді келесі кезеңде Юлия қытайлық Ван Цянмен күш сынасады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал