27.04.2018, 14:18 817 14 қазақстандық боксшы АЧ-ның финалына шықты

Қазақстандық 14 спортшы Бангкокте бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Ерлер арасындағы жарыста жартылай финалда Махмұд Сабырхан (49 кг), Талғат Шайкенов (64 кг), Ермахан Шакпеков (69 кг), Нұрбек Оралбай (75 кг), Сағындық Тоғымбаев (81 кг), Айбек Оралбай (91 келіге дейін) және Дамир Тойбай (91 келіден жоғары) жеңіске жетті. Бейбарыс Жексен (56 кг) жартылай финалда жеңіліп, қола жүлдені місе тұтты.
Турнирдің әйелдер жарысының финалына Жансая Әбдіраимова (51 кг), Айзада Исламғали (54 кг), Еркежан Даулетжанқызы (57 кг), Майя Бейсебаева (69 кг), Надя Рябец (75 кг) өтті.
Финалдан кейін Гузаль Садықова (81 келіге дейін) мен Дина Исламбекова (81 келіден жоғары) бірден өнер көрсетеді. Жартылай финалда Әнел Құдайберген (48 кг), Мария Гладкова (60 кг) мен Жұлдыз Тойкова (64 кг) есе жіберіп, «қола» жүлдені қанағат етті.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал