05.04.2018, 10:00 747 16 жасар Анастасия Резванцева жастар арасындағы Олимпиада ойындарына жолдама алды

Қазақстандық спортшы Анастасия Резванцева жүзуден Беларусь ашық чемпионатының жеңімпазы атанып, Буэнос-Айресте өтетін жастар арасындағы Олимпиада ойындарына жолдама алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

16 жасар отандасымыз 200 метр қашықтыққа шалқалап жүзуде үздік нәтиже көрсетті - 2:16,11.

«Лицензия алғаныма өте қуаныштымын! Жастар арасындағы Олимпиада ойындары биылғы маусымдағы ең басты турнир. Осы дүбірлі додаға жолдама алу үшін аянбай тер төктік», деді Анастасия марапаттау рәсімінен кейін.

Тағы бір қазақстандық Станислав Редько 400 метр қашықтыққа еркін жүзуде ақтық кезеңге шықты.

Брест қаласында өтіп жатқан жарыс сәуірдің 7-не дейін жалғасады.

Айта кетейік, бұл отандық жүзушілердің жастар Олимпиадасына алған үшінші лицензиясы. Бұған дейін, жолдамаға Анастасия Шатских пен Диана Назарова ие болған.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал