08.09.2018, 17:36 1703 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Қырғызстан футболшыларын ірі есеппен ұтты

Гранаткин Мемориалы турнирінде жетінші орын үшін өткен кездесуде 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Қырғызстан футболшыларынан басым түсті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесудің 14-минутында Лев Скворцов есеп ашса, үзіліске дейін Андрей Ульшин есепті еселеді. Екінші таймда біздің футболшылар тағы да екі гол соқты. Лев Скворцов дубль авторы атанса, Мәди Жақыпбаев кездесуге нүкте қойды.

Қорытынды есеп -  0:4. Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде жетінші орынды иеленді.

Қырғызстан U-19 - Қазақстан U-19 - 0:4 (0:2)

Голдар: Скворцов 14, 64, Ульшин 45, Жақыпбаев 68

Ескерту: Сағынаев 59, Қараман 90

Қырғызстан U-19: Прядкин, Айтбаев (Кумарбай Уулу 46), Джакыбалиев (Артюков 81), Каныбеков, Шамурзаев (Есин 69), Ташиев (к), Артыкбаев (Орозбек Уулу 60), Борубаев, Алыкулов (Абилов 69), Тимур Уулу (Жапаров 46), Сыдыков.

Резерв: Токотаев.

Қазақстан U-19: Саенко, Совет, Нұрсейітов, Шәмші, Қашкен (к), Сағынаев (Жұмаділов 79), Ульшин (Қайыркенов 55), Жақыпбаев (Глазунов 71), Скворцов (Красноперов 71), Усачев (Қараман 30), Прокопенко (Кеңесов 55).

Резерв: Устименко.

Төрешілер: Буланов, Пелых, Савин (барлығы - Ресей).

08.09.18. Санкт-Петербург, Рощино Арена.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал