29.06.2018, 12:27 922 2 000 000 теңгеге дейін. Головкин-Альварес рематчының билеті қанша тұрады

ESPN Deportes арнасының мәліметіне сүйенсек, келесі аптада Головкин-Альварес жекпе-жегінің билеттері сатылымға шығады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Ұрыс кейінге шегерілгеніне қарамастан билеттердің құны өзгермейді. Бокс жанкүйерлері ең арзан деген орынды 300-500 долларға сатып ала алады. Билеттерге орта деңгейдегі баға – 800 доллар. Ал, бокс кешін тамашалауға ыңғайлы орындар мен рингсайд 6000 долларға дейін барады. Өзіміздің валютаға аударғанда 2 000 000 теңгеге айналады.

Айтылған жекпе-жек 15-ші қыркүйек күні Лас-Вегас (АҚШ, Невада штаты) қаласында өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал