05.04.2018, 16:34 888 2018 жылғы маусымның ойыншыларды тіркеу бірінші кезеңі аяқталды

Отандық футбол клубтардың 2018 жылғы маусымда ойыншыларды тіркеу кезеңінің аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА Қазақстан кәсіпқой футбол лигасына сілтеме жасап.
 
Футболшыларды тіркеу 11 қаңтарда басталып, 3 сәуірге дейін жалғасты.
 
Бұл уақыт аралығында Премьер-лигаға барлығы 305 ойыншы тіркелді, олардың ішінде 219 Қазақстан футболының түлектері болып саналады.
 
Бірінші лигаға 283 ойыншы тіркелді, олардың ішінде 270 - отандық футболдың түлектері.
  
Екінші лигада қазақ футболының 495 түлегі өнер көрсететін болады.
 
2018 жылғы маусымның екінші тіркеу кезеңінің мерзімдері Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетімен кейін бекітіледі.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал