13.09.2018, 17:46 1010 2019 жылы Астанада триатлоннан әлем кубогінің кезеңі өтеді

Австралияда Халықаралық Триатлон Одағының кезекті ХХХІ конгресі өтті. Жиынға 46  елдің өкілдері қатысып, алдағы жоспарларды талқылады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Конгреске әлемдегі ұлттық федерациялардың барлығы дерлік қатысты. Оның ішінде, қазақстандық делегация да бар. 

Жиында ITU биылғы маусымды қорытындылап, маңызды мәселелерді талқылады. Сондай-ақ,  триатлоннан өткізілетін жарыстардың кестесі түзілді.

Конгреске қатысушылар 2019 жылдың  15-16 маусымында Қазақстанда әлем кубогі кезеңін  өткізуді бір ауыздан мақұлдады. Астана өз тарихында екінші рет триатлоннан әлем кубогі кезеңін қабылдамақ.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал