04.04.2018, 6:51 740 2026 жылғы Олимпиаданы өткізуге үміткер елдер анықталды

Халықаралық Олимпиада комитеті 2026 жылғы қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізуге ниетті жеті елдің тізімін жариялады. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Австрия ҰОК Олимпиада өткізуге үміткер ретінде Грац қаласын, Канада ҰОК - Калгари, Жапония ҰОК - Саппоро, Швеция ҰОК - Стокгольм, Швейцария ҰОК - Сьон, Түркия ҰОК - Эрзурум қалаларын ұсынды. Италия ҰОК Ойындарды Кортина-д'Ампеццо, Милан немесе Турин қалаларында өткізуге ұсыныс жасады.

«Мен қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге қызығушылық танытып отырған барлық елдер мен қалаларға ыстық лебізімді білдіремін. Біз әлем спортшылары қатысатын Олимпиада ойындарын ұйымдастыру үшін ең үздік қаланы таңдап алғымыз келеді, - деп мәлім етті ХОК президенті Томас Бах.

2026 жылғы қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындары өтетін қала 2019 жылдың қыркүйегінде ХОК сессиясында таңдап алынады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал