12.04.2018, 13:18 705 38 жастағы мексикалық Головкинмен жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді

Орта салмақта WBC Silver белдігінің иесі, 38 жастағы мексикалық боксшы Роберто Гарсия (41-3, 24 КО) 5 мамыр күні Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуға дайын екенін білдірді.
«Том Леффлер, мен осы айқасқа шыққым келетінін білесің! Егер GGG 5 мамырда кездесу өткізгісі келетін болса, менімен шықсын! Оған не кедергі? Мен WBC рейтингінде тоғызыншымын, Маурисио Сулейман бұл жекпе-жекті мақұлдайды. Мен жаттықтым, мен дайынмын! Қол қояйық осыған! Еш шүбәсіз мен келесі қарсылас болуым керек. Осы айқасқа ең лайығы менмін», - деп жазды ол Туиттердегі парақшасында.
Головкинның келесі жекпе-жегі 5 мамыр күні Лос-Анджелес маңындағы Карсонда, StubHub Center аренасында өтуі тиіс.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал