01.10.2018, 10:40 1061 3х3 баскетболдан ерлер командасы Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысады

06-18 қазан  аралығында Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өтетін Жасөспірімдер Олимпиадасына 3х3 баскетболдан Қазақстан ерлер командасы қатысады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Жасөспірімдер Олимпиадасында ел намысын Әнуар Шәкіров, Василий Белозор, Ерқанат Қайрошев және Дулат Ешмұхамбетов қорғайды.

3х3 баскетболдан Олимпиадаға жалпы есебі 20 команда қатысады. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан D тобында Италия, Латвия, Қырғызтан және Бельгияга қарсы ойнамақ.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал