12.07.2018, 16:32 753 400 метрге жүгіруде Қазақстанда Литвинге бәсекелес жоқ

Алматыда Қазақстан кубогының финалдық кезеңі аяқталды. Ерлер арасында 400 метрге жүгіруден Қазақстан рекордының иегері Михаил Литвин топ жарды,  деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап. 

Қазақстан кубогының алғашқы күнінде күннің аптап ыстығы жүгірушілерге әжептәуір кедергі келтірді. Соған қарамастан жүлделі үш орынға іліккен спортшылар жақсы нәтиже көрсетті. Мәреге бірінші болып, Михаил Литвин келді. Солтүстік Қазақстан облысы атлетінің уақыт көрсеткіші –- 46.49 секунд. Екінші орын алған Түркістан облысының спортшысы Эльнор Мухитдиновтің нәтижесі көпшілік үшін «сенсация» болды. Қола жүлде Андрей Соколовқа бұйырды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал