14.03.2018, 16:01 1039 Сегіз қазақстандық боксшы Польшадағы турнирдің 1/4 финалына шықты

Польшаның астанасы Варшавада өтіп жатқан Феликс Штамм халықаралық турнирінде Бекдәулет Ибрагимов (64 кг дейін) 1/4 финалға шыққан сегізінші қазақстандық болып тіркелді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Алғашқы кездесуінде 22 жастағы Ибрагимов Иорданиядан келген Алкасбех Обадты 3:2 есебімен жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды.

Оның алдында 1/4 финалға тағы екі қазақстандық – Ильяс Сүлейменов (56 кг дейін) пен Асланбек Шымбергенов (69 кг дейін) шыққан еді.

Ешқандай жекпе-жексіз ширек финалға Жомарт Есжан (49 кг дейін), Абай Төлеш (75 кг дейін), Әділбек Жақсыбеков (81 кг дейін), Антон Пинчук (91 кг дейін) және Айболды Дәуренұлы (91 кг жоғары) өтті.

Ал, Азамат Исақұлов (52 кг дейін) пен Берік Әдбірахманов (60 кг дейін) бірінші ұрыстан кейін жарыс жолынан шығып қалды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал