23.08.2018, 15:43 714 Абдуллин садақ атудан жартылай финалда бақ сынайды

Садақ атудан Қазақстан командасының мүшесі Ильфат Абдуллин Азия ойындарының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ильфат 1/16 айналымда Сауд Арабия спортшысын 6:0 есебімен, 1/8 айналымда Үндістан мергенін 7:1 есебімен жеңді. 

Ширек финалда Малайзия өкілін 7:3 есебімен жеңген жерлесіміз Азия ойындарының жартылай финалында өнер көрсетеді. 

Жартылай финалда Абдуллин Оңтүстік Корея спортшысына қарсы шығады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал