24.09.2018, 21:18 783 Абель Санчес Головкиннің келесі жекпе-жегі туралы айтты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бапкері Абель Санчестің қамқорлығындағы боксшының келесі айқасты АҚШ-тан тысқары жерде өткізетіні туралы ойларымен бөлісті.

«Бұл - мен жауап бере алмайтын сұрақ. Мен мұнымен айналыса алмаймын. Мен Геннадийді жаттықтырамын, ал кеңесшілер мен Том Леффлер сондай мәселелермен айналысады. Біз орынға емес, жекпе-жекке дайындаламыз», - деп атап өтті Санчес.

Еске салайық, бұдан бұрын журналистер Головкинге WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен (26-0, 12 КО) Ұлыбританияда айқасуды ұсынған еді. Сондай-ақ, Геннадийдің қарсыластары тізіміне WBA «тұрақты» чемпионы Риота Мурата да (14-1, 11 КО) кірген - олар Жапонияда кездесуі мүмкін.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал