26.03.2018, 11:21 834 Абель Санчес «жаңа Головкинді» бағалады

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес GGG-дің қарсыласы Сауль Альварес рематчқа жіберілмесе де, 5 мамыр күні рингке шығатынына үміттенетінін айтты.

Бұдан бұрын Неваданың атлетика комиссиясы «Канелоны» 10 сәуірге дейін допинг-сынамадан өтпеуіне байланысты спорттан шеттеткен еді.

«Біз жекпе-жек 5 мамыр күні өтеді деп сенеміз. Біз лагерьде әзірлендік, бізде айқастан бас тартуға ешқандай себеп жоқ, - деді Санчес Boxingscene.com-ға берген сұхбатында. - Біз «Канело» болсын, басқа біреу болсын 5 мамырда жекпе-жекке шығамыз. Менің сондай үмітім бар».

Сондай-ақ, ол осы жекпе-жекке дайындық барысында Головкиннің Альваресті командасымен әділ сынағанын жеткізді.

«Маған бұл пікір ұнайды. Егер бұл оған рингте басымдық берсе, Головкин бұрынғысынан да мықтырақ болар еді, бұрынғы Головкинге де сөз жоқ, ол  - ұлы боксшы», - деп атап өтті коуч.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал