29.08.2018, 14:42 8606 Әбілхан Аманқұл Азиаданың жартылай финалында жұдырықтасады

Бокстан 75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Әбілхан Аманқұл Азия ойындарының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ширек финалдық бәсекеде Әбілхан тайпейлік боксшымен кездесіп, қарсыласын екі рет есеңгіретті. Жекпе-жек нәтижесі бойынша айқын басымдықпен жеңіске жеткен Әбілхан енді Азия ойындарының жартылай финалында жұдырықтасады.

Әбілханның келесі қарсыласы - үндістандық Викас Кришан.

Өкінішке қарай, 51 келіде ел намысын қорғаған Назым Қызайбай тайпейлік спортшыдан жеңіліп, Азия ойындарын аяқтады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал