10.07.2018, 17:30 767 Әбілхан Аманқұл Азия ойындарында Қазақстан байрағын көтеріп шығады

21 жастағы отандық боксшы Әбілхан Аманқұл 18 тамыз күні Джакартада (Индонезия) өтетін XXVIII Жазғы Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын алып шығады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылдың 18 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында Джакартада (Индонезия) өтетін Жазғы Азия ойындарына дайындалуда. Қазақстан құрамасының атлеттері 25 олимпиадалық спорт түріндегі 38 спорттық дисциплинадан сынға түспек.  Олимпиадалық спорт түрлерінен 419 спортшы жарыс жолына шығады деп күтілуде.

Азия ойындарында жалпы есебі 42 медаль жиынтығы сарапқа салынады, оның ішінде 332 жүлде олимпиадалық спорт түрлерінен өз иесін таппақ.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал