18.10.2018, 19:06 1153 Әбілмансұр Батырғали Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Бүгін Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасының соңғы жарыс күні өтуде. Каратеші Әбілмансұр Батырғали үш кездесуде жеңіске жетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

68 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әбілмансұр алғашқы айналымда аргентиналық Хуан Мартинесті айқын басымдықпен жеңді. 

Екінші кездесуінде біздің спортшы жапондық Котаро Накамураға айла қалдырмады. Үшінші жекпе-жекте марокколық спортшыны жолдан тайдырған Әбілмансұр жартылай финалға жолдама алды. 

Финал жолдамасына таласта Ә. Батырғали бельгиялық Квенти Махаудинмен кездеседі.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал