02.03.2018, 14:13 845 АЧ-2018: Бақбергенова жартылай финалда сүрінді

Қазақстандық Жәмилә Бақбергенова (72 кг дейін) Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шыға алмай қалды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Жерлесіміз моңғол балуаны Насанбурмаа Очирбатпен өткен белдесуде жеңіліп қалды. Жәмилә 4:2 есебімен алда келе жатқан еді, бірақ жекпе-жектің екінші бөлігінде жеңісті қолдан ұшырып алды.

Енді Бақбергенова үшінші орын үшін жапониялық Масако Фуруичимен таласады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал