28.02.2018, 13:26 857 АЧ-2018: үшінші балуанымыз финалға өтті

Қазақстандық грек-римші Асхат Дильмухамедов (82 кг) Бішкекте (Қырғызстан) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шыққан үшінші жерлесіміз болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Жартылай финалдағы кездесуде отандасымыз Оңтүстік Корея елінің балуаны Джинхук Кимді 10:5 есебімен жеңді.

Ақтық сында Асхат жарыс қожайындарының спортшысы Атабек Әзізбековпен  айқасады.

Бұған дейін АЧ-2018 турнирінің финалына Демеу Жадраев пен Алмат Кебіспаев өтті.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал