03.04.2018, 20:00 813 ӘЧ: Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Германиядан жеңіліп қалды

Ригада өтіп жатқан хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының матчында «А» тобында өнер көрсеткен Қазақстан командасы Германияға есе жіберді. Бұл туралы «SPORTINFORM» САА хабарлайды.

Қазақстан құрамасы қарсыластарынан 0:1 есебімен жеңіліс тапты.

Қазақстан U18 - Германия U18 0:1 (0:1, 0:0, 0:0)
0:1 - Валенти - 16:34 (Шитц, Шинко)
Вратари: Прокофьев - Мних
Броски: 15-33 (4-15, 4-11, 7-7)
Айып: 4-10

Енді қазақстандық спортшылар 5 сәуірде Дания құрамына қарсы ойнайды.

Еске салсақ, кеше әлем чемпионатының бірінші матчында «А» тобында өнер көрсеткен Қазақстан командасы Норвегия құрамасын жеңген болатын

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал