02.04.2018, 21:51 829 ӘЧ:Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Норвегияны ұтты

Ригада өтіп жатқан хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының бірінші матчында «А» тобында өнер көрсеткен Қазақстан командасы Норвегия құрамасын жеңді.

Ойынның алғашқы кезеңінде қазақстандық Андрей Буяльский норвегиялықтардың қақпасына 2, ал Олег Бойко бір шайба соқты. Келесі 20 минуттық кезеңде Юсуп Асуханов пен Сергей Пряхин бір-бір реттен қарсыластар қақпасының осал тұсын дәл тапты. Ал норвегиялықтар сапынан Ларс Родн бірінші және екінші кезеңде бір-бір реттен Қазақстан құрамасының қақпасына шайба салған болатын. Үшінші кезеңде дәл осы есеп өзгерген жоқ. Осылайша қазақстандық хоккейшілер қарсыластарынан 5-2 есебімен басым түсті.

Енді 3 сәуір күні Қазақстан құрамасы Германия командасымен кездесетін болады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал