23.08.2018, 18:05 605 Әділбек Мусин суда жүзуден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

 

Бүгін Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір қола жүлдемен толықты. 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин қола медаль иеленді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Әділбектің уақыт көрсеткіші - 23.73. Бұл осы қашықтықтағы Қазақстанның жаңа рекорды! 

Алтын жүлде иеленген сингапурлық спортшы 23.61, күміс жүлдегер қытайлық 23.65 уақыт көрсеткішінде мәреге келді. 

Әділбек Мусин іріктеу айналымын да осындай көрсеткішпен аяқтаған еді. Әділбек небары 18 жастағы спортшы. Ол Азия ойындарында өзі қатысқан жарыстың барлығында финалға жолдама алды. 

Барша жанкүйерлерді бағасы алтынға пара-пар жүлдемен құттықтаймыз!

Бүгін финалдық кезеңде тағы екі қазақстандық спортшы өнер көрсетті. 100 метрге еркін әдіспен жүзген Әділ Қасқабай мен брасс әдісімен 50 метрге жарысқан Аделаида Пчелинцева 7-ші орыннан көрінді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал