12.11.2018, 10:35 7207 Әділбек Ниязымбетов шаршы алаңмен қоштасты

Бокстан Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Әділбек Ниязымбетов спортпен қош айтысты. 

Әділбектің ұлттық құрама мен шаршы алаңнан кететіні туралы ақпар Ақтаудағы Қазақстан біріншілігі қарсаңында белгілі болды. 

«Әділбектің бұл шешімін жанкүйер дұрыс түсінеді деген ойдамын. Оған өкпе жоқ. Еліміздегі боксты дамытуға үлес қосып, әлемдік жарыстарда Қазақстан намысын абыроймен қорғады.

Екі бірдей Олимпиаданың финалына жету кез-келген спортшының қолынан келмейді. Оның Азия ойындарының чемпионы деген атағы да бар. Әділбекке тек сәттілік тілейміз», - дейді бас бапкер Мырзағали Айтжанов. 

Қазақстан біріншілігі аяқталған соң ұлттық құрама жасақталып, команданың жаңа капитаны сайланады. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал