21.09.2018, 9:00 1859 AIBA Софияда алғаш рет гендерлік форум өткізді

Болгария Республикасының астанасы 17 -18 қыркүйек күндері 5 құрлықтан келген делегацияны қабылдады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Қазақстандық бокс федерациясына сілтеме жасап.

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) жұмысына нәзік жандар қаншалықты деңгейде атсалысып жүр? Ұйымдағы ерлер мен әйелдер теңдігі мәселесі қандай дәрежеде? AIBA әйелдер комиссиясы мен Болгария бокс федерациясы ұйымдастырған форумға қатысушылар осы сұрақтар төңірегінде екі күн бойына пікір алмасты. Айтулы шараға төрешілер, бапкерлер мен дәрігерлік комиссия мүшелері қатысты. Форумда Азия құрлығынан 5 өкіл болды. Солардың бірі ҚБФ халықаралық бөлімінің менеджері Марина Ни.

AIBA жұмысын жандандырып, әлемде боксты дамытудың басты факторлары қарастырылған «Жаңа жоспар» атты бағдарламаны жүзеге асыру жайы пысықталды. Сонымен қатар, мамандар мен сарапшылар 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындары жайында да ой бөлісті. Себебі, ерлер бұрынғыдай 10 салмақ бойынша емес, 8 салмақ дәрежесі бойынша рингке шықпақ. Бұл Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) ұсынып отырған жаңашылдықтарға байланысты. Ал әйелдер осы уақытқа дейін тек 3 салмақ бойынша былғары қолғап түйістіріп келсе, енді олимпиада ойындарында тағы екі салмақ қосылады деп жоспарланған. Осылайша әйелдер 5 салмақта, ал ерлер 8 салмақта рингке шықпақ. Бұл бастамаларды Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) 2020 жылы Токио Олимпиадасында енгізуі ықтимал.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал