29.06.2018, 17:00 597 Академиялық ескек есушілер Азия кубогында екі алтын медаль жеңіп алды

Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында академиялық ескек есуден Азия кубогы өтіп жатыр. Құрлықтағы маңызды додада қазақстандық спортшылар екі алтын және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

26 маусымда басталған кубок бәсекесіне Азияның айтулы командалары жиналған. Қазақстан құрамасының мүшесі Александра Опачанова алтын медаль жеңіп алса, жұптасып өнер көрсетуден Мария Пойда мен Алина Мочулаға тең келер ешкім болмады. Ал ерлер арасында жұптасып сынға түскен Евгений Васильев пен Михаил Таскин қола жүлдегер атанды.

Ертең Қазақстан құрамасы тағы үш мәрте жүлдеге таласатын болады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал