20.08.2018, 14:14 680 Академиялық есуден Қазақстан спортшылары іріктеу кезеңін сәтті аяқтады

Палембангта академиялық есуден екінші жарыс күні аяқталды. Бүгін сынға түскен қазақстандық спортшылардың барлығы келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы жекелей сында Иван Эксузиди 6-шы орын иеленді.

Ал әйелдер арасында Алина Мочула төртінші нәтижені көрсетіп, финалдық кезеңге өтті.

Виталий Васильев, Григорий Феклистов, Анастас Шашков және Евгений Тацей төрттігі 6-шы орыннан көрініп, ақтық сынға өтті. 

Мария Пойда, Александра Опачанова, Светлана Германович және Виктория Чепикова іріктеу кезеңін бірінші орынмен аяқтады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал