13.06.2018, 18:12 370 АҚШ, Канада және Мексика 2026 жылғы әлем чемпионатын қабылдайды

Бүгін Мәскеуде өткен ФИФА конгресінде 2026 жылғы Әлем чемпионаты өтетін елдер белгілі болды, деп хабарлайды  «SPORTINFORM» САА.
ХХІІІ Әлем чемпионатын қабылдауға АҚШ, Канада және Мексика бірлескен өтініш тапсырған болатын. Оларға бәсекелес ретінде Марокко өтініш берген. Дауыс беру қорытындылары бойынша, Америка елдері 134 дауыс (барлық дауыстың 67%-ы) жинады, ал 65 ұлттық федерация (33%) Мароккода өткізуді жақтаған.
2022 жылғы мундиаль Катарда өтеді.
Ертең Ресей астанасы Мәскеуде 2018 жылғы Әлем чемпионаты ойындары басталады.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал