13.06.2018, 12:54 551 АҚШ-тағы бокс кешінде Мейірім Нұрсұлтанов Қанат Исламның орнын басады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (6-0, 5 КО) кезекті жекпе-жегінің мерзімі анықталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Нұрсұлтанов 23-ші маусым күні Лос-Анджелестегі (АҚШ, Калифорния штаты) Belasco Theater аренасында мексикалық Хосуэ Обандомен (16-20-1, 12 КО) қолғап түйістіреді. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланды.  

Негізі дәл осы бокс кешінде басқа қазақстандық Қанат Ислам мексикалық Фернандо Каркамомен жұдырықтасатын еді. Алайда, отандасымыз жарақатына байланысты ұрыстан бас тартты.

Сондай-ақ, оқи отырыңыз - Әли Балоев АҚШ-та титулдық жекпе-жек өткізеді

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал