05.03.2018, 13:37 5229 «АҚШ-тағы кездесу көңілімнен шыққан жоқ» - Мейірім Нұрсұлтанов

Кәсіпқой бокстағы алтыншы жеңісіне қол жеткізген Мейірім Нұрсұлтанов Нью-Йорктегі жекпе-жектен кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

2 күн бұрын жерлесіміз Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында (АҚШ) мексикалық  Алехандро Торрестан (9-3-2, 4 КО) басым түсті. Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

«АҚШ-тағы кездесу көңілімнен шықты деп айта алмаймын. Неге десеңіз, қателіктерге жиі бой алдырып, өзім ойлаған тәсілдерді оңды қолдана алмадым. Десе де, кешегі ұрыстан сабақ алып, алдағы жекпе-жектерде мұндай қателіктерді қайталамауға тырысамын», - дейді қазақстандық боксшы.

Отандасымыз Алехандроға қандай баға берді?

«Торрес өте қарымды боксшы екен. Нағыз мексикалық спортшы дер едім. Алты раунд бойы тиісті дәрежеде өнер көрсетті. Жеңіс оңай жолмен келген жоқ, қысқасы».

Келесі жекпе-жегі туралы да сұраған едік.

«Ендігі кездесу турасында бәлендей ештеңе айта алмаймын. Ол жағы әлі белгісіз болып тұр. Бір апта демалып алған соң менеджерлермен ақылдасып, келесі жекпе-жектің уақыты мен қарсыласын белгілейтін боламыз», -деп сөзін қайырды Нұрсұлтанов.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал