03.04.2018, 13:50 823 Ақтауда велоспорт маусымы ашылды

Ақтауда велоспорт маусымы ашылды. Бұл шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында және Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА  тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Велошеруге кәсіби спортшылармен қатар қарапайым тұрғындар да қатысты. Қалың топ ішінде зейнет жасындағы қариялар да, мектеп оқушылары да жүр.

Жүздеген тұрғын 7 шақырым жерді жүріп өтіп, жарысты теңіз жағалауында аяқтады. Мәре сызығына алғаш жеткен жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Ал көп балалы отбасыларының балаларына 10 велосипед тарту етілді. Енді олар келесі аптадан бастап көппен бірге веложарысқа қатыспақ. Ақтаулықтардың сүйікті спортына айналған велошеру маусымы келесі қысқа дейін жалғасады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал