17.05.2018, 9:38 105 «Ақтөбе» мен «Атырау» матчтарын жанкүйерсіз өткізеді

Қазақстан футбол федерациясының Сертификация комиссиясының отырысында Ақтөбе, Атырау және Тараз қалаларындағы стадиондарға қатысты «Матчтарды жанкүйерсіз өткізу» санкциясын қолдану жөнінде шешім қабылданды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл шешім Қазақстан Республикасының Құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес тәуелсіз сараптама ұйымынан стадионды (негізгі салмақ түсетін конструкция) пайдалану жөнінде техникалық тексеруден өтіп, талапқа сай келмейтін кемшіліктерді жойып, қажетті құжаттарды (Сертификация ережесі бойынша - П. f, Ст.5,  Қосымша V, П.h. Ст.2, Қосымша VI) тапсырғанға дейін қолданылады.

Сертификация ережесіне осы критерийді енгізу жөнінде футбол клубтарының жетекшілеріне 2017 жылдың 10 қарашасында өткен басқосуда, сонымен қатар, Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының жалпы жиынында хабарланған болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал