18.07.2018, 15:19 1779 «Ақтөбе» ойыншысы он сегізінші турдың үздік голын соқты

Премьер-лиганың он сегізінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізілді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА Қазақстан кәсіпқой футбол лигасына сілтеме жасап.
 
Өткен турда жанкүйерлер командалардың нәтижелі ойындарының куәсі болды. Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты мен «ВКонтакте» желісіндегі @pflkaz тобында жарияланған сауалнамаға 19 гол қатысты. 
 
«Ақтөбе» жартылай қорғаушысы Милан Радиннің голы турдың ең үздігі атанды. «Батыс дербиінде» қос голдың авторы атанған серб футболшысының екінші голы көп дауыс жинады. Футболшы техникалық шеберлігін көрсетіп, Зинедин Зиданның атақты финті арқылы үш қарсыласын алдап өтіп, гол соқты.  
 
Милан Радиннің екінші голына дауыс бергендердің саны  – 2363.
 
Үздік үштік келесідей:
1. Милан Радин голы (Ақтөбе – Атырау) – 2363 дауыс;
2. Адеринсола Эсеола голы (Қайрат – Жетісу) – 749 дауыс;
3. Еркебұлан Тұңғышбаев голы (Ертіс – Ордабасы) – 335 дауыс.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал